Қос зауытта болған өртте 314 адам опат болды

АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Пәкістанның ірі қалаларындағы екі зауытта болған өрт салдарынан 314 адам қаза тапты.

Бұл туралы Associated Press хабарлайды.

 Ең ірі өрт сейсенбі күні кешке елдің экономикалық астанасы Карачидегі тігін фабрикасында болды. Онда 289 адам қаза тапты. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен бірнеше сағат айқасты. Осыған байланысты құтқарушылар қаза тапқандардың саны өсуі мүмкін екендігін жоққа шығармайды.