Серік Жұманғаринның айтуынша, Президент Жолдауын іске асыру іс-шаралар жоспарының әлеуметтік блогында білім беру, денсаулық сақтау және спорттың қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша іс-шаралар қабылданады.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында осы жылдың соңына дейін барлық жоспарланған мектептерді пайдалануға беру қамтамасыз етіледі.
- Бұдан басқа 115 алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету нысаны салынып, 2 перинаталдық орталықтың құрылысы басталады. Ел ішіндегі және шетелден келетін Көші-қон ағындарын есепке алудың бірыңғай цифрлық жүйесі енгізіледі. Әлеуметтік салада «ақша азаматтарға» қағидаты енгізіліп, елдің барлық облыстарында осал санаттағы азаматтар үшін әлеуметтік төлемдердің мөлшері унификацияланады. «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыру жалғасады, - деді вице-премьер.