«Президент өкілетінің мерзімін бір реттік жеті жылдық кезеңмен шектеу туралы ұсынылып отырған өзгерісті кейінгі келешек президенттер қайта өзгертіп тастамау үшін қандай заңнамалық кепілдікпен сақтандыруға болады?», - деп сұрады БАҚ өкілі.
Мәжіліс төрағасының пайымынша, Конституцияны Президент жалғыз өзі өзгерте алмайды.
«Заңды өзгертетін халық. Сондықтан келесі Президентке ескі сүрлеуге қайта оралу қиын болады. Мысалы Президенттің туыстарын белгілі бір лауазымдарға тағайындауына тыйым салынды. Президент өкілетін бір реттік жеті жылдық кезеңмен шектеу ұсынылып отыр. Менің ойымша бұл нормаларды келешек президенттерге кері қайтару қиын болады. Президент жалғыз өзі Конституцияны өзгерте алмайды», - деді спикер.
Фото: пресс-служба Мажилиса Парламента РК