Көшеде мылтық атқан Қостанай тұрғыны ұсталды

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласының орталығында мылтықпен оқ атқан ер адам қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Қостанай қаласындағы Уральская көшесінің бойында болған.

«Азамат З. аңшы мылтығынан оқ атқан. Оған қатысты ҚР әкімшіліккодексінің 436 бабы бойынша хаттама толтырылды. Ол өзінің заңсыз әрекеттеріарқылы «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы»1998 жылғы 30 желтоқсандағы ҚР Заңының 15-18 бабының талаптарын өрескел бұзған.Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен З. әкімшілікжауапкершілікке тартылды», - делінген облыстық соттың баспасөз мәлімдемесінде.

Заң бұзушыға 20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Қаулы заңдыкүшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар