Шараның басты мақсаты - заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық өнімдерді сақтау, есепке алу, қолдану, сатып алу, тасымалдау тәртібінің сақталуын тексеру, сертификатталмаған өнімді жеткізушілерді анықтау, қоғамдық орындар мен көшелерде, тұрғын үйлерде осы өнімдердің салдарынан болатын төтенше жағдайлардың алдын алу.
Пиротехникалық бұйымдар салдарынан дене жарақаттарын болдырмау, оларды халық көп шоғырланатын жерлерде пайдаланудың жолын кесу мақсатында полиция жасақтарының, учаскелік полиция инспекторларының, мектеп инспекторларының қатысуымен рейдтік шаралар ұйымдастырылуда.
Осы орайда, тәртіп сақшылары елді мекендерде және бұл үшін бөлінбеген орындарда арнайы және қолдан жасалған пиротехникаларды жару орын алған жағдайда, құрылғы тәркіленіп, ал оның иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабының 2-бөлігіне сәйкес, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатынын ескертеді.
Сондай-ақ, пиротехникалық заттарды және қолдан жасалатын бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, оларды сату, жою, әкелу және әкету тәртібін бұзған тұлғаларға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 483-бабы 1-бөлігі бойынша жеке тұлғаларға -5, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға -10, орта кәсіпкерлік субьектілеріне - 15, ірі кәсіпкерлік субьектілеріне - 45 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
«Бұдан бөлек, еркін сауда жасауға Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген тауарлар мен заттарды сату ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғатынын ескертеміз», - делінген хабарламада.