Көшеде шекілдеуік шаққаны үшін 5556 теңге айыппұл төледі - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Құқық бұзушы Г. шемішке шағып, қалдығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластағаны үшін 5556 теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Қызылорда қалалық мамандандырылған сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Сотта құқық бұзушы Г. өз кінәсін толығымен мойындап, өкінетінін айтты.

Құқық бұзушы Г. ҚР ӘҚБтК-нің 330-бабының 1-бөлімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.