Көшенің қақ ортасында трамвайға оқ жаудырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 қазанда РФ Самара қаласының орталығында кешкі мезгілде белгісіз біреулер трамвайға оқ жаудырды, ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды ІІМ облыстық басқармасының баспасөз қызметі.

Трамвай қаланың Самара ауданы бағытындағы жолмен кетіп бара жатқан кезде тарс еткен дыбыс естіліп, терезе сынған. Артынша кілт тоқтаған трамвай вагонының бір терезесі быт-шыт болып, екіншісінде тесіктер қалған. Оқыс оқиға кезінде ішінде бес жолаушы зардап шеккен жоқ. Шұғыл жеткен полиция қызметкерлері жүргіншілер мен жүргізушіден келеңсіз жағдай жөнінде сұрастырды. Сондай-ақ олар жақын маңдағы үйлерді де тексерді.

Полицияның болжамы бойынша, көлікті пневматикалық қарумен атқан.

Қазіргі уақытта күдікті іздестіріліп жатыр.