Ішкі істер министрлігінде таратылған мәліметтерге қарағанда, аталған мерзімде көші-қон, жол және криминалдық полиция қызметкерлері заңсыз көшіп-қону іс-қимылдары болуы мүмкін жерлерді торуылдау үшін жедел топтарды құрды. Жолаушылар пойыздары, автобустары, сондай-ақ автокөліктер тексеріліп, шекара маңындағы елді мекендерде төлқұжат тексеру тәртібі бойынша іс-шаралар жүргізілді. Операцияны өткізу барысында Қазақстан аумағында болу тәртібін бұзған 15 мыңға жуық шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды (оның ішінде - 783 алыс шетел, 14 мың 48-і ТМД азаматтары). Сот шешімі бойынша 2 049 шетелдік ел аумағынан шығарылды. Мұнымен қоса шетелдік азаматтардың жұмыс күшін тарту және пайдалану ережесін орындамағаны үшін 341 жұмыс беруші әкімшілік жазаға тартылды. Атап айтқанда түрлі деңгейдегі қылмыс жасағаны үшін 24 шетелдік азамат ұсталды. Сонымен қатар аталған шара барысында іздеуде жүрген 215 адам құрықталды. «Көші-қон заңнамасы талаптары сақталмауына байланысты 24 қылмыстық іс қозғалды»,-делінген таратылған мәліметтерде.
18:37, 27 Қазан 2010
Көші-қон ережесін орындамаған 2 мың шетелдік ел аумағыннан шығарылды
АСТАНА. Қарашаның 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы қазанның 19-ы мен 21-і аралығында республика аумағында заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл операциясы өткізілді.