Көші-қон, лаңкестікпен және экстремизммен күресудің өзекті мәселері Қазақстанның төрағалығы кезеңінде де ЕҚЫҰ күн тәртібінен түспейтін болады

None
АСТАНА. Желтоқсанның  23-і. ҚазАқпарат -   Көші-қон,    лаңкестікпен  және экстремизммен күресудің  өзекті  мәселері Қазақстанның  төрағалығы  кезеңінде  де ЕҚЫҰ күн тәртібінен түспейтін   болады.

Бұл туралы   Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік  және ынтымақтастық ұйымы жанындағы     Тұрақты өкілі,  Жерорта  теңізі  қарым-қатынас тобының  төрағасы   Қайрат  Әбдірахманов   желтоқсанның  14-15-інде      «Жерорта теңізі  серіктестері   және  ЕҚЫҰ:  қауіпсіздік пен  тұрақтылықты   нығайтудағы ынтымақтастық»  тақырыбында  ЕҚЫҰ конференциясы  өткен Каирде мәлім етті.

Конференцияда сондай-ақ,  ЕҚЫҰ  және Жерорта теңізі  аймақтарындағы    қауіпсіздіктің   әскери-саяси  сипаттары сөз болды. Жерорта   теңізі аймағындағы серіктестермен көші-қон,    заңсыз    миграция  мен    адамдарды  құлдыққа салумен  күресу,  сондай-ақ   адам  құқықтары мен  негізгі бостандықтарын  қорғау   салаларындағы  ынтымақтастық мәселелері  де   қаралды.

Бұл жиын  біздің еліміз үшін    қорытынды     болып табылады, себебі     Қазақстан  Жерорта  теңізі  қарым-қатынас  тобындағы төрағалық  міндетін   аяқтайды.        Қазақстан   эстафетаны ЕҚЫҰ  «Үштігінің» мүшесі  ретінде  келесі  жылы    Жерорта теңізі тобына жетекшілік ететін   Литваға  тапсырды.