Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдегендей, жергілікті сот Өзбекстан Республикасының 15 азаматына қатысты ҚР әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 517 бап, 5 тармағы бойынша әкімшілік істі қарады.
Көрші елдің азаматтары Қазақстан аумағына кіру мақсаттарын, көші-қон карталарында «жеке шаруалары» бойынша деп көрсеткен. Шын мәнінде олар Меркі ауданындағы жеке үйлердің біріне жалданып жұмыс істеген. Яғни, Қазақстанның көші-қон жөніндегі заңнамасын бұзып, рұқсатсыз еңбекке жалданған.
Сот қаулысына сәйкес, Өзбекстан азаматтары кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылды.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ,-деп қосты Меркі аудандық сотының баспасөз қызметі.