Қошқарбаев даңғылы жабылды: Жолды дұрыс жөндемеген мердігер жұмысты қайта бастайды
АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Рахымжан Қошқарбаев даңғылының Мұқсан Төлебаев көшесінен Өзбекәлі Жәнібек көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсеміндегі кемшіліктерді жою жұмысы жүргізілетінін хабарлады.
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Жұмыс мердігер ұйымның кепілдік міндеттемесіне сәйкес өз қаражаты есебінен жүргізіледі.
Осыған байланысты 10-11 шілдесінде жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады.
«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмысын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз» деп ескертеді әкімдіктен.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.