Көшкіннен Қытайда алты адам опат болды

Фото: None
МӘСКЕУ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат -Қытайдың орталығындағы Хубэй провинциясында су тасқыны мен көшкінінен 4 мыңға жуық үйлер қираған,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

Табиғат апаты соққысының салдарынан кемі алты адам қаза тапты, біреуі хабар-ошарсыз жоғалды.
Жаңбыр суының тасқыны 800 бөгетті шайып кетті және 120 шақырым ирригациялық арналарды жарамсыз етті, табиғат апатының аймағында 500-ге жуық автотрассалар шайылды.