Көшпенділер қалашығы Қонаев қаласының меншігіне қайтарылды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы иелік еткен Көшпенділер қалашығы Қонаев қаласының меншігіне берілді.

Фото: Қонаев әкімдігі

Қонаев әкімдігінің мәліметінше, қазіргі таңда қалашық ескіріп, кейбір жабдықтары сынып, бастапқы келбетін жоғалтқан. Сондықтан келіссөздерден кейін киностудия декорациялық кешенді Қонаев қаласына сыйға тартқан.

Фото: Қонаев әкімдігі

Нысан аумағы – 5,8 гектар, Іле өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан.

– Енді қалашық ТҮКШ бөліміне қарасты болады. Алдағы уақытта бұл аумақты туризм бағытында дамыту көзделіп отыр. Сондай-ақ оны күтіп ұстауға, ағымдағы жөндеу жасауға бюджеттен қаржы қарастырылады.Бүгінде инфрақұрылымды дамыту мақсатында жұмыстар басталған. Қалашыққа апаратын күре жол салынып жатыр, - деп хабарлады әкімдіктен.

Фото: Қонаев әкімдігі
Фото: Қонаев әкімдігі
Фото: Қонаев әкімдігі

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында жыл соңына дейін Көшпенділер қалашығына жол ашылатынын жазғанбыз.