«Бүгінде «Қазанат» ипподромы маңындағы көшелерге асфальт-бетон төселді. Қазір жылу, жарық, байланыс және басқа да инфрақұрылым тартылып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар 30 тамызда аяқталады», - деді Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мерей Байырхан қалалық мәслихаттың комиссия отырысында.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, елорда көшелерінің электронды паспорты әзірленіп жатыр. Көшелерді цифрландыру жұмыстары алдағы қыркүйекте аяқталады.
Айта кетейік, бүгін қалалық мәслихатында құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Күн тәртібінде Астана қаласы мен маңындағы тұрғын алаптарында жол салу және жөндеу мәселелері қаралды.