Көшпенділер ойындары: Қазақстан қыздар құрамасы бес асықтан алтын медаль алды
17:04, 11 Қыркүйек 2024
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан қыздар құрамасы бес асықтан 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды.
А тобында қарсылас шақ келтірмей алғашқы орынмен ақтық сынға жолдама алған Қазақстан қыздар құрамасы Ресеймен бақ сынасты. Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Алау мұз айдыны кешенінде өткен финалдық ойында отандық спортшылар қарсыластарын 3:0 есебімен тізе бүктірді.
Айта кетейік, бес асықтан Қазақстан қыздар құрамасы топтық кезеңде Қырғызстан, Мажарстан, Швеция және Румыния құрамаларын 3:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.
Бүгін отандасымыз Батыр Бексауыт жамбы стилінен күміс жүлде алғанын жазған болатынбыз.