Көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасы асық атудан жеңімпаз атанды
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында асық атудан Қазақстан ерлер құрамасы жеңімпазы атанды.
Фото: Туризм және спорт министрлігі
А тобында қарсылас шақ келтірмей алғашқы орынмен ақтық сынға жолдама алған Қазақстан ерлер құрамасы Қырғызстанмен кездесті. Алау мұз айдыны кешенінде өткен финалдық ойында отандық асықшылар қарсыластарынан 2:1 есебімен басым түсті.
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Айта кетейік, асық атудан Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңде Өзбекстан, Испания, Грузия, Мажарстан және Монғолия құрамаларын 3:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қазақстан қыздар құрамасы бес асықтан алтын медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.