Оның алғашқысын 70 келі салмақта ел намысын қорғаған бұрымды балуанымыз Роза Нысантайқызы жеңіп алса, екіншісін ерлер арасында 100 келі салмақта сынға түскен Ерсұлтан Мұзаппаров жеңіп алды.
Сонымен қатар Зәмзәгүл Файзолланова финалда қарсыласына жол беріп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Айта кетейік, қазақ күресі 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарындағы қатысушы ең көп тіркелген спорт түрі атанды. Екі күнге созылатын жарыстарға 41 елден келген 274 спортшы қатысып, 16 салмақ дәрежесінде медальдар жиынтығын сарапқа салып жатыр.
Жарыстар Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде өтіп жатыр.