Көшпенділер ойыны: Қазақ қызы төл күресімізден кезекті алтын жүлдені жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM- 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында қазақ күресінен өтіп жатқан сайыста қазақ қызы Зарина Сарипова ел қоржынына кезекті алтын жүлдені сыйлады.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бұл – қазақ балуандарының қазақ күресінен жеңіп алған 9-шы алтын жүлдесі. Кеше отандастарымыз 8 алтын медальға қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

Айта кетейік, қазақ күресі 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарындағы қатысушы ең көп тіркелген спорт түрі атанды. Екі күнге созылатын жарыстарға 41 елден келген 274 спортшы қатысып, 16 салмақ дәрежесінде медальдар жиынтығын сарапқа салып жатыр.

Жарыстар Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде өтіп жатыр.

Айта кетейік, аударыспақтан Қазақстан қоржынына екі алтын, бір күміс медаль түсті.