Көшпенділер ойыны: Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды

Фото: Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өз мәресіне жетті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 44 алтын, 33 күміс, 37 қола медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.

Нақтырақ айтсақ, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының соңғы жарыс күні отандастарымыз ел қоржынына 12 алтын, 9 күміс, 10 қола жүлде сыйлады. Осылайша жалпы есепте Қазақстан 44 алтын, 33 күміс, 37 (114) қола жүлдемен командалық есепте топ жарды.

Ал Қырғызстан құрамасы 18 алтын, 21 күміс, 25 (64) қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте екінші орынға ие болды.

Ал үздік үшінші орынды Өзбекстан құрамасы қанжығасына байлады. Олардың еншісінде 11 алтын, 12 күміс, 11 (34) қола медаль бар.

Төртінші орынға 11 алтын, 10 күміс, 25 қола медаль жеңіп алған Ресей құрамасы иелік етсе, бестікті 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медальмен Түркия құрамасы түйіндеді.

8 қыркүйек күні алауы тұтанған додаға 89 елден 2 430-ға жуық спортшы қатысып, 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығын сарапқа салды.

89 елдің 33-і 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының медаліне қол жеткізді. Оның ішінде 18 мемлекет алтын жүлде жеңіп алса, 16 мемлекеттің қоржынында күміс, 28 мемлекеттің қоржыны қола медаль бар.

21 спорт түрі қамтылған сайыстар алты күн бойы 6 түрлі нысанда өтті. Нақтырақ айтсақ, «Қазанат» ипподромы, «Арғымак» спорт алаңы, этноауыл, Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, «Алау» мұз сарайыларында спортшыларымыз өзара мықтыны анықтады.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру дирекциясы әдепкіде, этноспорттың 21 түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады деп жариялаған болатын. Шетелдік құрамалардың өтініші бойынша жарыс барысында дәстүрлі садақ атудан қосымша «пұт», «қалқан» және «жамбы» нысаналары бойынша қыздар сайысы қосылып, медаль жиынтығы 100-ге жетті. Қазақстан спортшылары 112 медальмен көш бастады. Оның 43-і алтын, 32-і күміс және 37-сі қола жүлде.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен қазақ топырағында ұйымдастырылған Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – мәні терең, мазмұны бай бірегей жоба. Оның түркі әлемінің алтын бесігі – Қазақ жерінде жалауын желбіреткені – біз үшін зор мәртебе әрі шын мақтаныш. Ойындарда 30-дан астам елдің спортшылары медаль иеленді. Жүлде алған мемлекеттер қатарында мұхиттың арғы жағынан келген Канада мен Мексика спортшылары да бар. Дүбірлі додаға 90-ға жуық мемлекеттің қатысуы, 30-дан астам елдің жүлдегерлер қатарынан көрінуі – дүниежүзінде көшпенділер ойындарына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын аңғартады. Келесі, 6-шы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын бауырлас мемлекет – Қырғыз Республикасы қабылдайды. Қырғыз елінің алдағы бәсекені жоғары деңгейде өткізуіне тілектеспін. Көшпенділер Олимпиадасының беделі биіктей берсін!», – деді Ербол Мырзабосынов.

Этноауылда өткен жабылу рәсіміне спортшылар да қатысты. Оларды 1000-ға жуық волонтер мен этноауыл қонақтары қошеметпен қарсы алды. Жиында Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Нежмеддин Біләл Ердоған, Қазақстанның Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қырғызстан Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтов, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының жетекшісі Наиль Нұров сөз сөйледі.

Енді 6-шы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда өтеді. Бұл туралы Нежмеддин Біләл Ердоған салтанатты жиын барысында хабарлады. Ол көшпенділер ойындары Қырғызстанға оралатынын айтып, Алтынбек Мақсұтовқа ДКО символы – торсықты табыстады.

Жарыс өткізілетін барлық нысанда, оның ішінде: «Қазанат» ипподромы, Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында, «Алау» мұз айдынында баспасөз өкілдерінің тыңғылықты жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалды. «Қазмедиа» орталығында барлық БАҚ өкілдеріне арналған халықаралық баспасөз орталығы жұмыс істеді.

Этноауылда журналистер үшін арнайы киіз үй тігілді. Аккредитация беру мерзімі 20 тамызда аяқталғанына қарамастан, журналистерді тіркеу көшпенділер ойындарының соңына дейін жалғасты.

Алдын ала өткізілген пресс-тур барысында БАҚ өкілдері үшін арнайы жасалған жұмыс орындары мен жұмыс істеу ережелері таныстырылды.

Қыркүйектің 9-11 күндері аралығында БАҚ жұмысы еш кедергісіз жүргізілді, алайда 12 қыркүйекте көкпар ойынының ақтық сынында, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ойын алаңына БАҚ өкілдерінің кіруіне шектеу қойылды.
13 қыркүйекте барлық процедуралық мәселелер шешілгеннен кейін ақпарат құралдарының өкілдеріне жарысты жақыннан түсіруге рұқсат берілді.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында медаль жеңіп алған елдер тізімі:

#

Елдер

Алтын

Күміс

Қола

Барлығы

1

ҚАЗАҚСТАН

43

32

37

112

2

ҚЫРҒЫЗСТАН

19

21

25

65

3

РЕСЕЙ

12

12

25

49

4

ӨЗБЕКСТАН

11

12

11

34

5

ТҮРКИЯ

2

2

2

6

6

ИРАН

1

3

9

13

7

МАЖАРСТАН

1

2

5

8

8

ТҮРІКМЕНСТАН

1

1

2

4

9

РУМЫНИЯ

1

1

1

3

10

ПОЛЬША

1

1

0

2

11

ҮНДІСТАН

1

0

5

6

12

ҚЫТАЙ

1

0

5

6

13

МОЛДОВА

1

0

5

6

14

ИНДОНЕЗИЯ

1

0

1

2

15

ФРАНЦИЯ

1

0

1

2

16

АУСТРАЛИЯ

1

0

0

1

17

ИТАЛИЯ

1

0

0

1

18

НИГЕРИЯ

1

0

0

1

19

МОҢҒОЛИЯ

0

5

9

14

20

ГРУЗИЯ

0

3

5

8

21

ӘЗЕРБАЙЖАН

0

2

5

7

22

ГАНА

0

1

1

2

23

КАНАДА

0

1

1

2

24

МЕКСИКА

0

1

0

1

25

ТӘЖІКСТАН

0

0

6

6

26

НИДЕРЛАНДЫ

0

0

4

4

27

ПӘКІСТАН

0

0

3

3

28

БЕЛАРУСЬ

0

0

2

2

29

ЛАТВИЯ

0

0

1

1

30

СЛОВАКИЯ

0

0

1

1

31

ТАИЛАНД

0

0

1

1

32

ТОГО

0

0

1

1

33

ЭСТОНИЯ

0

0

1

1