Көшпенділер ойыны: Нұрсұлтан Есімбай таяқ тартудан үшінші орын иеленді

АСТАНА. KAZINFORM – VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында таяқ тартудан (маст-рестлинг) Қазақстан құрамасының спортшысы Нұрсұлтан Есімбай 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 3-орын иеленді.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында таяқ тартудан (маст-рестлинг) Қазақстан құрамасының спортшысы Нұрсұлтан Есімбай 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 3-орын иеленді.

Осылайша, отандасымыз жарыстың қола жүлдегері атанып, Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті медальді қосты.

Айта кетелік Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында екі алтын медаль жеңіп алған еді