Ордоның финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасы Қырғызстанмен кездесті. Өкінішке қарай, финалда отандық асықшылар қарсыластарына 96:18 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, Ордодан Қырғызстан құрамасы жеңімпаз атанса, Қазақстан күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал үшінші орынды Тәжікстан құрамасы иеленді.
Айта кетейік, ордо ойынында команда құрамында 8 ойыншы, 1 бапкер болады.
Жарысқа 18 жастағы және одан асқан спортшылар қатыса алады. Жарыс ерлер арасында өткізіледі. Ордо тегіс жерде өтеді. Шеңбердің диаметрі – 12 м. Ойын ұзақтығы – 2 сағат.
Әр команданың бірыңғай спорттық формасы болады. Әрбір қатысушының спорттық футболкасында өтінімде көрсетілген нөмірлеріне сәйкес келетін нөмір болуы шарт.
Жарыстар Қырғыз Республикасының «Ордо Оюну» спорт федерациясының қолданыстағы ережелеріне сәйкес өткізілді.