«Көшпенділер ойыны кезінде оқу процесі қалай ұйымдастырылатыны жөнінде түпкілікті шешім қабылданды ма? Студенттер сабақты сәл кешігіп бастай ма?» — деп сұрады журналист.
Министр бұл іс-шараның жоғары білім беру үрдісіне ешқандай әсері болмайтынын айтады.
«Шешім бар. Көшпенділер ойындары оқу процесіне ешқандай әсер етпейді. Астанадағы студенттер қалыпты режиммен оқиды. Бұл мектептерге қатысты мәселе шығар. Бірақ жоғары білім бойынша айтсақ, штаттық режимде жұмыс істейміз», — деді Саясат Нұрбек.