Қазақстан құрамасы сапында Серік Ақтаев, Ернұр Мерешев, Әсел Далиева және Аңсаған Қожанәсіп ел намысын қорғап жатыр.
Кеше өткен 4 раунд қортындысы бойынша отандасымыз Серік Ақтаев 4 ұпаймен алдыңғы қатардан көрінді, ал Ернұр Мерешевтің еншісінде 3 ұпай бар.
Сондай-ақ, ганалық ойыншы Гордон Акругу мен Айируг Азасеми, нигериялық Джонсон Арамид Адеойе 4 ұпай еншілеген.
Айта кетейік, овари ойынында 35 елден 90 спортшы бағын сынап жатыр.
Команда құрамы 2 ер, 2 әйел, 1 бапкерден құралады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл жарысты дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы овари халықаралық федерациясымен бірлесіп өткізіп жатыр.