«Балалар ойыншығы мәселесіне тоқталатын болсақ, бұл бағыт айтарлықтай қадағаланып отырған жоқ. Жалпы, балалар тауарларын бақылауға ерекше мән берген жөн. Бүгінде көп жеткіншектер аяқ киім дұрыс болмағандықтан, соның зардабын тартуда. Сонымен қатар аллергиялық белгілер көптеп кездесе бастады»,-деп тоқталды Романовская.
Оның сөзіне қарағанда, жастар арасында асқазан жарасы дерті кеңінен таралуда.
«Осының барлығы тағам мен тауарларға қатысты екені белгілі. Атап айтқанда, косметикалық қызметтерге, пластикалық хирургияға шағымданатындар көбейіп келеді. Бұл бағыттағы оқиғаларға баға беретін сарапшылар пулы жоқ. Осы салаға қыруар ақша жұмсалады, алайда оны ешкім қадағаламайды»,-деді Светлана Романовская.
10:26, 04 Шілде 2017
Косметикалық қызметтер мен пластикалық хирургияға шағымданатындар көбейді - Романовская
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында «Тұтынушылар ұлттық лигасы» ұйымының басқарма төрайымы Светлана Романовская балаларға зиян келтіріп жатқан тауарлар жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.