«Космос-903» кеңестік жер серігі 37 жыл өткен соң Ресей орбитасынан жойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1977 жылдың сәуірінде плесецк ғарыш айлағынан ұшырылған кеңестік «Космос-903» жер серігі 2014 жылдың 4 тамызында Жер атмосферасында жанып кетті, деп хабарлады Ресей Қорғаныс министрлігі.

Осыған дейін жер серігі Жерге Бенгаль шығанағының маңында құлайды деп болжанған болатын, алайда олай болған жоқ. Оның орбитадан шығуы 4 тамыз, РФ-ның солтүстік-шығыс аймағында болды, деп атап өтті РФ Қорғаныс министрлігінің өкілі.

Ғарыштық жағдайды бақылау бас орталығы мамандарының пікірінше, жер серігінің фрагменттері атмосфераның тығыз қабаттарынан өту кезінде жанып кетті.

Бір қызығы, «Око» жүйесінің зымырандық шабуылы жайлы ертерек ескертуга арналған «Космос-903» ғарыш аппаратының белсенді қызмет көрсету мерзімі 1978 жылдың шілдесінде аяқталды.