Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бұл жолы сайлаушылардың қатысуы салыстырмалы түрде төмен – 40,59%.
Косоводағы парламенттік сайлаудың алдын ала нәтижелері қазіргі премьер-министр Альбин Куртидің партиясы алда келе жатқанын, бірақ үкіметті өз бетінше құруға қажетті көпшілік дауысына ие емес екенін көрсетті.
Дауыстардың 73 пайызын санағаннан кейін солшыл «Өзін өзі анықтау» партиясы шамамен 42 пайыз дауыс жинағаны белгілі болды.
Баспасөзге берген сұхбатында премьер-министр нәтиже «жақсы басқарудың, прогрессивті және демократиялық көшбасшылықтың айғағы» екенін айтты.
- Біздің коалиция жаңа үкімет құрады, осылайша біз бастаған жұмысымызды жалғастырамыз, жалпы, біз көп нәрсе жасаймыз, - деді Курти.
Орталық оңшыл Косово Демократиялық партиясы (ПДК) 22,68% дауыспен екінші орында, үшінші орында Косово Демократиялық лигасы (17,9%) келеді.
Бұл нәтижелер Куртидің партиясының үкіметті өз бетінше құруына жеткілікті емес. Бұл ПДК мен ЛДК-ның екі партиялық коалицияға бірігуіне мүмкіндік береді. Курти бұған дейін оппозициялық партиялардың кез келгенімен ынтымақтасу мүмкіндігін жоққа шығарған болатын.
Осыған дейін Косовода «дельта» штамын жұқтырғандар саны көбейгені туралы жазған едік.