Қосшы мектебінің оқушысы ҰБТ-дан 140 балл жинады
18:55, 28 Маусым 2024
АСТАНА. KAZINFORM - Р.Қошқарбаев атындағы Қосшы мектебінің оқушысы Ержанова Айым ҰБТ-дан 140 балл жинады.
Ержанова Айым тестілеудегі барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, максималды балл жинаған.
«Дүниежүзі тарихы және ағылшын тілі пәндерін талдадым. Осы орайда ата-анама және ұстаздарыма алғыс айтамын. Алла қаласа Еуразия ұлттық университетінен екі шет тілі мамандығын таңдап отырмын», - дейді Ержанова Айым.
Еске салсақ, бұған дейін ҰБТ-дан 140 балл жинаған Жаннұр Еңсебек туралы жазған едік.