Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 17 шілдеде Қосшы қалалық полиция бөліміне демалыс аймағындағы бассейнде шомылу кезінде кішкентай баланың мерт болғаны туралы хабарлама түскен.
– Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды, – деп хабарлады ведомство.
Редакцияның мәліметінше, көз жұмған бала 2020 жылы туған.
Оқиғаның өзге мән-жайы әзірге жарияланған жоқ.
Полиция ата-аналар мен заңды өкілдерді балаларды су айдындары мен бассейндердің маңында қараусыз қалдырмауға шақырды.
Айта кетейік, ҚР ІІМ мәліметтері бойынша шомылу маусымы басталғалы бері 69 бала суға батып кетті.