Қосшы ауылында жолаушылар автобусы өртеніп жатыр
22:06, 10 Наурыз 2020
ҚОСШЫ. ҚазАқпарат – Елорда маңындағы Қосшы елдімекенінде жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.
Куәгерлердің айтуынша, жолаушылар отқа оранған автобустан шығып үлгерген.
Фото және видеожазбаларға қарағанда №303 қоғамдық көліктің толығымен жанып кеткенін көруге болады.
Төтенше жағдайлар комитетінен әзірге ешқандай ақпарат жоқ.