«Чистые пруды» демалыс аймағындағы дербес тұрған қонақжайды шарпыған өрт сағат 16.00 кезінде ауыздықталып, 18.00-де толық өшірілді. Жалын 450 шаршы метр аумаққа тараған. Бұған дейін хабарлағанымыздай, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр», - деп жазылған департамент мәліметінде.
Еске салсақ, осыған дейін Қосшы қаласындағы демалыс базаларының бірі өртеніп жатқанын жазған болатынбыз.
«2 наурыз күні сағат 13.23-те Қосшы қаласының Әйтеке би көшесіндегі 33 «а» мекенжайы бойынша орналасқан «Чистые пруды» демалыс аймағының аумағында ғимараттың шатырынан өрт шыққан. Өрттің алдын ала себептері мен шарпыған аудан анықталып жатыр. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 1 техникасы мен 4 қызметкері, Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 2 техникасы мен 7 қызметкері барды. Өрт әлі сөндірілген жоқ», - делінген еді Ақмола облысы Төтенша жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметте.