«Қосшы қаласы мен Астана арасындағы теміржол қатынасына қатысты айтсақ, Бас жоспарда Астана қаласының Қосшы қаласымен байланыстарында пневмокөлік желісі жоспарланған. Ол бөлек жолақта ұйымдастырылуы мүмкін», - деп жазылған жауапта.
Дегенмен, Аян Смағұлов болашақта екі қала арасында жүрдек автобус (БРТ) қатынауы мүмкін екенін айтады.
«Пневматикалық доңғалақты көліктің тасымалдау қабілетінен асатын жолаушылар ағынының параметрлерін анықтайтын тиісті техникалық-экономикалық негіздеме кезінде жүрдек автобус қатынасын (БРТ) немесе рельсті көлікті ұйымдастыру туралы шешім қабылдануы мүмкін», - деп жазады басқарма басшысының орынбасары.