Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 19 қарашада «Лесная Поляна» тұрғын үй кешенінде тұратын қыз бала даярлық сабағына бару үшін саған 11.00-де үйінен шыққан. Алайда ол мектепке дейін жетпепті. Баласының мектепке келмегенін анасы түсте ғана білген. Қызын таба алмай аласұрған ана ақыры полицияға хабар беріпті. Құқық қорғаушылар баланы аулалардың бірінен тауып алған.
«Кішкентай бала көрші ауладағы құрбысына барып, сонда ойнап жүргені анықталды. Аман-есен анасына оралды. Қуанып қалған әке-шешесі полиция қызметкерлеріне алғыс айтып», - дейді департаментінің баспасөз қызметінен.