«Diamond park» тұрғын кешеніне қатысты қылмыстық істі сәуірдің 10-на дейін тергеп, прокуратураға жолдаймыз. Осы іске қатысты екі мердігерде қазіргі кезде уақытша ұстау орталығына қамалған. Үлескерлердің барлығы қылмыстық іс барысында зардап шегушілер деп танылған», - деп түсіндірді Қосшы қалалық Полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Талғат Сақанов.
Айта кетсек, аталмыш «Diamond park» тұрғын үй кешеніндегі 20 үйдің тек 13-і салынған. Бұл ретте алғашқы жеті үй ғана қажетті құжаттармен пайдалануға берілді. Қалған жеті үйдің үлескерлері үш жылдан бері құрылыстың аяқталуын және құрылысты заңдастыруды тағатсыздана күтуде.
Бұл ретте қала әкімдігі «Diamond park» тұрғын үй кешеніндегі үлескерлердің мәселесі назарда екенін айтты.