Бұған дейін Латын Америкасындағы бұл ел Астанада 2017 жылы өтетін EXPO көрмесіне қатысатынын мәлімдеген болатын.
Бір шетін Тынық мұхиты, екінші жағын Кариб теңізі шайып жатқан Коста-Рикада су электр стансалар жүйесі жақсы дамыған. Оған қоса елде таудан сарқырап ағатын өзендер мен жанартау атқылайтын аймақтар да аз емес. Жағалауда ескен желде де еш тыным жоқ.
Табиғаттың осы құбылыстарын Латын Америкасындағы небәрі 5 миллионға жуық халқы бар Коста-Рика билігі тиімді пайдаланып отыр. Елді электр қуатымен қамтамасыз ететін институт мамандарының мәліметінше, мемлекет өз-өзін 100 пайыз «жасыл» энергиямен қамтамасыз етуге қауқарлы.