Порталдың жазуынша, халықаралық стандарттарға сәйкес, мұндай жағдайда әр командадан тек екі ойыншы допинг-тестке жіберілуі тиіс көрінеді.
«Жеті ойыншының бесеуі чемпионаттың алдында допинг-тестен өтпеген. Сондықтан олар да жіберіліп отыр», деп жазады ФИФА-ның ресми сайты.
Айта кетейік, D тобындағы коста-рикалықтар Италия құрамасын 20 маусым күні 1:0 есебімен жеңген болатын. Матчтағы жалғыз голды Коста-Рика құрамасының ойыншысы Брайан Руис салды.