Коста-Рика телеарнасы Димаш Құдайбергенге эфир арнады

Коста-Риканың ең танымал телеарналарының бірі Multimedios CR алғаш рет Димаш Құдайберген туралы бағдарлама шығарды. Жүргізушілер қазақстандық әртістің өмірбаянымен таныстырып, оның S.O.S әнін эфирде қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Фото: dimashnews.com

Multimedios медиахолдингі 1933 жылы құрылғаннан бері үлкен танымалдылыққа ие болды және қазір өз бағдарламаларын тек Мексикада ғана емес, Коста-Рикада, АҚШ-та және Испанияда таратады.