Коста-Рика жағалауында химиялық заттар тиелген кеме апатынан кейін суға түсуге, балық аулауға тыйым салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Коста-Рика жағалауында 200 тонна қауіпті химиялық зат тиелген кеме батып кеткеннен кейін билік жүздеген шақырымды қамтитын аумақты «апат аймағы» деп жариялады.

Бұл туралы Би-би-си хабарлады.

Таксиндік химиялық заттар тиелген кеме Пунтаренас курортты қаласына жақын жерде апатқа ұшыраған. Бортта 200 тоннадай аммиак селитрасы болған.

ТЖ бойынша комиссия оқиға орын алған соң туристерге және қала тұрғындарына суға түсуге және балық аулауға тыйым салды