Төтенше қызмет басшылығымен кездескен соң Солис баспасөз конференциясына қатысып, жақын арада ТЖ режимі туралы қаулыға қол қоюға уәде берді және өзінің Туиттер парақшасныда жеке сектор басшыларына өз қызметкерлерін қорғауға қажетті шаралар жүргізуге және парақшасында бейсенбі, жұма, демалыс күндері жұмысты уақытша тоқтата тұруға кеңес берді. Сонымен бірге, президент қауіптің «қызыл» деңгейін елдегі тағы бірнеше ауданға ұлғаятынын хабарлады.
Бұған дейін билік құтқару қызметтерін толық дайындап, жағаға жақын орналасқан аудандардан 4 мың адамды көшірген еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сәрсенбі күні кешке Кариб теңізіндегі «Отто» тропикалық дауылы тағы да бірінші санатқа дейін күшейді, деп хабарлайды АҚШ-тың дауылды бақылау жөніндегі ұлттық орталығы. Дауылда желдің жылдамдығы сағатына 121-137 шақырымға дейін жетеді және қазір Коста-Рика мен Никарагуа жағаларына қарай жақындап қалды.