Қолтырауынды Хако жағажайында демалып жатқан адамдар байқап, дереу билік өкілдеріне хабарлаған.
Оқиға орнына өрт сөндіру, Қызыл Крест және полиция құрылымдары шұғыл жетіп, ұзындығы 3,5 метрге жететін қолтырауынды ұстауға кірісті. Олар еріктілер мен катердің көмегіне жүгінді. Ауланған қолтырауынның салмағы 350 келі болған.
Жануар қоршаған орта министрлігінің бақылауына тапсырылды. Кейін ол қолтырауындар мекендейтін өзендердің біріне жеткізіледі.