Сотталушылардың арасында қала әкімінің бұрынғы орынбасары Ф. Аракелян, «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары» бөлімінің бұрынғы басшысы Ж.Шинкин, «СМУ-2010» ЖШС-ның директоры А.Бобровный бар.
Көп эпизодты қылмыстық іс 17 томнан құралды.
Істі қарастыру қорытындылары бойынша, сот сотталушыларды кінәлі деп таныды. Қала әкімінің бұрынғы орынбасары Фрунзик Аракелян сот ҚР ҚК-нің 366-бабының 3-бөліміндегі 2-тармағы бойынша мүлкін тәркілеумен бірге 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ ол өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Сотталушы жазасын жалпы режімдегі түзеу абақтысында өтейді. Сондай-ақ сот Аракелянды мемлекет пайдасына заңсыз иеленген 300 мың теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты төлетеді.
Жеңіс Шинкинді сот ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлімі, 189-баптың 4-бөлімінің 2-тармағы, 366-бабының 3-бөлімінің 2,4-тармақшалары, 367-бабының 2-бөлімі, 364-бабының 2-бөлімімен қарастырылған құқық бұзушылықтарды жасауда айыпты деп танып, оған мүлкін тәркілеумен бірге жалпы режимдегі түзеу абақтысында 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұдан басқа, сот Шинкиннан мемлекет пайдасына 1 500 000 теңгені өндірді.
Александр Бобровныйды сот ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлімі, 189-бабының 4-бөлімі, 2-тармақшасымен қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауда айыпты деп танып, оған мүлкін тәркілеумен бірге жалпы режимдегі түзеу абақтысында 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын шығарды. Сондай-ақ ол өмірінің соңына дейін коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айырылды.
Осы күнге дейін үй қамауында болған Бобровный сот залында қамауға алынды.
Бұдан басқа, сот Ж.Шинкин мен А.Бобровныйдан «Қостанай қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ-нің пайдасына 10 млн астам теңге көлемінде шығын сомасын өндіріп алды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушылар оған жоғары инстанцияда шағымдана алады.