Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қатысты бірқатар бейнематериал көрсетілді. Әсіресе, Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Ахметжановтың ұйымдасқан қылмыстық тобы туралы және қамауда отырған бұрынғы орынбасарлар Қалиев пен Аракелянның өкініш білдірген бейнеролигін залда отырған мемқызметшілер ерекше қабылдады.
Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетовтың айтуынша, «үлкен аудиторияны қамтыған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мұндай ауқымды шара өңір үшін айтқысыз оқиға болып табылады».
Облыстық филармония ғимаратына жиналған мемлекеттік қызметшілер мен қоғам белсенділері сыйлық алуға тыйым салу, шектеулер мен этика қағидаларын сақтау туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы новелланы тамашалады.