Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарына тұман түседі - 31 қазанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 30 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның ықпалы сақталады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Республиканың батыс және оңтүстік бөлігінің бірқатар аудандары атмосфералық ағымдардың ықпалында болады, соған байланысты кей аймақтарда жауын жауып, екпінді жел соғады.

Алматы облысында Алакөл маңында 18-23 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде.

Павлодар облысында, күндіз Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жекелеген жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Түнде және таңертең Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерін тұман басады.