Қостанай аудандық әкімдігі қаза болған бақташының отбасына демеуші іздеуде

АСТАНА.ҚазАқпарат - Қостанай облысы Жангелді ауданы әкімдігінің өкілдері өрттен қайтыс болған бақташының отбасына өтемақы төлеу мүмкіндігі туралы әңгімілеп берді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Еске салсақ, Қостанай облысында өрттің салдарынан бақташы мен 150 бас қой өртеніп кеткен болатын. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Алдын ала нұсқа бойынша, жалын найзағай түскеннен тұтануы мүмкін.

Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Төрбаев атап өткендей, қазір жергілікті билік қаза тапқан бақташы - Секебай Оралбаевтың отбасына өтемақы төлеу мүмкіндігін іздеуде.

«Әзірге жоспарлап отырмыз. Қазір демеуші іздеп жатырмыз. Өтемақы мөлшері жайлы да әзірге белгісіз», - деді Төрбаев.

Тұтастай, оның айтуынша, қазір бақташының өлімі мен қойлардың қырылу жағдайларын анықтау бойынша тергеу жүріп жатыр. Қаза тапқандардың отбасы ауыр жағдайда, Оралбаевтың 7 баласының екеуі ғана кәмелеттік жасқа толған.

Төрбаев атап өткендей, олардың бірі Әулиекөл ауданында медициналық қызметкер, екіншісі Агротехникалық колледж студенті. Төртеуі мектеп жасындағы балалар. Мектеп жасына дейінгі бір баласы анасының жанында. «Алтын алқа» иегері. «Балалары жазғы уақытта «Айдос» қожалығында еңбек еткен. Осылайша ақша, азық-түлік алып тұрған. Отбасының жағдайын бақылауда ұстаймыз, әзірге нақты ештеңе айта алмаймын», - деді әкімнің орынбасары.