Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жеморлықпен күрес қызметінің мәліметтеріне сүйене отырып хабарлайды.
С.М.Сыздыков Қостанай ауданының Затобол кентінде жылыжай құрылысына жер телімін бөлгені үшін азаматтан 500 мың теңге сомасында (бұрын келісілгеннен - 1 млн. теңге) пара алды деген күдікке ілінген болатын.
2019 жылдың 21 қазанындағы Қостанай аудандық сотының үкімімен Сыздыков С.М. пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 7 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.