Лот аукционға шығарылды. Қостанай облысы әуе айлағының 49% қарапайым акциялары сатылып жатқаны хабарланды. Сандық мәнде бұл орналастырылған 733,9 мың акцияның шамамен 359,6 мыңын құрайды. Оны Қостанай облысының қаржы басқармасы сатылымға шығарды. Қазіргі кезде 4,7 млрд теңге сомасында бастапқы баға белгіленді. Жалпы, әуежайдың нарықтық құны 9,6 млрд теңгені құрады. Деректер бағалаушы компанияның биылғы ақпан айында жүргізген бағалауы бойынша берілген.
Саудаға қатысушы үшін 110,8 млн теңге төлеу керек. Өтініштер 2024 жылдың 26 қыркүйегіне дейін қабылданады. Аукцион да сол күні өтеді.