Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылғы 11 қазанда Қостанай – Астана бағытындағы IQ368 тұрақты рейсін орындау кезінде Қостанай әуежайында әуе кемесінде техникалық ақау тіркеліп, ұшу тоқтатылған. Әуе компания ақпаратына сәйкес, кейбір жолаушы шасси маңында қысқа мерзімді от ұшқыны байқалғанын хабарлаған. Бұл дерек техникалық тексеріс кезінде назарға алынатын болады.
Аталған оқиға туралы ақпарат жергілікті БАҚ-та жарияланды.
Айта кетейік, Қазақстанда ескі ұшақтарды, соның ішінде 1981 жылы өндірісі тоқтатылған Як-40 ұшақтарын пайдалануын тоқтату ұсынылды.