«Тәжікстан азаматы ҚР аумағына 2019 жылғы 27 сәуірде «транзит» арқылы кірген. Көші-қон картасын алғаннан кейін 5 күн ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпаған. Осылайша, ол Қазақстанда 24 тәулік заңсыз болған, сөйтіп көші-қон саласындағы заңнаманы бұзды», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.
Заң бұзушы азамат соттан айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдануды сұрап, оны төлеуге дайын екенін мәлім етті.
Сот қаулысы бойынша азамат К. ҚРӘК 517-бабы, 2-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 АЕК көлемінде айыппұл төледі. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.