Бұл бейнежазба «Лисаковская новь» порталында жарияланды. Автордың хабарлауынша, жөндеу жұмыстары кешке дейін жүргізілген. Куәгерлер асфальттың буланып кеткенін айтуда.
10:58, 31 Қазан 2016
Қостанай ауылындағы жұмысшылар жаңа жауған қар үстіне асфальт төсеген
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда Октябрьский ауылындағы жол шұңқырларын жөндеу жұмыстары қарлы ауа райымен тұспа-тұс келді. Қар басқан жолға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілгенін жергілікті тұрғындардың бірі видеоға түсіріп алды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.