«Қостанай-Денисовка» автожолы бойынша жол қозғалысы уақытша өзгертілді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «Қостанай-Денисовка» автожолы бойынша жол қозғалысы уақытша өзгертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

«Республикалықмаңызы бар А-22 «Қарабұтақ-Комсомольский-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының389-515 шақырым аралығы қайта жаңарту жұмыстары жүргізілетіндіктен, 2 учаскебойынша уақытша айналма жол ашылды», делінген хабарламада.

Перелески кенті(427 км) мен Лисаковск қаласының (434 км) аралығында ұзындығы 7 шақырым айналмажол ашылды. Ал екінші учаске бойынша ұзындығы 5 шақырым айналма жол Алчановкакенті (398 км) мен Денисовка кентінің (403 км) арасында орналасқан.

Сонымен қатар,Қостанай өңірінің М-36 «РФ шекарасы(Екатеринбург)-Алматы» тас жолындағы күрделі жөндеуге байланысты жүру бөлігіуақытша жабылды. Сондықтан жүргізушілер Севастопольский кентінің маңындағыұзындығы 10,7 шақырым уақытша айналма жол арқылы жүре алады.

Барлық айналмажолдарда жол қозғалысының жылдамдығы сағатына 40 шақырымнан аспауы тиіс. Жабықжол учаскелерінде арнайы жол белгілері орнатылған.