«Жаңажылдық безендіру үшін Қостанай қаласының бюджетінен 44,1 млн теңге қарастырылған. Оның ішінде 27,3 млн теңгеге 22 метрлік бір, 11 метрлік екі шырша, 1 жарық конструкциясына, 10 бірлік жарықдиодтық безендіру құрылғыларына жұмсалады. Ал 16,8 млн теңге мұз қалашық салуға бағытталады. Атап айтқанда, бұл қаражатқа 1 және 4 жолақты екі сырғанақ, бір лабиринт, аяз ата мен ақшақардың мүсіндері салынады», - деп жауап берді Мәжит Шүленов тілші сауалына орай.
Әкімдік дерегі бойынша 2019 жылы жаңажылдық безендіруге 44 млн теңге жұмсалған. Ал 2020-2021 жылдары пандемияға байланысты мерекелік шаралар болмаған.